Шымкент жастар театры 28-29 сәуір күндері «Қалың елім, қазағым…» поэтикалық толғауының премьерасын сахналады.
Қойылымда Абай Құнанбайұлы мен Махамбет Өтемісұлының шығармашылық мұрасы тоғыстырылып, ұлттық рух, тарихи жады және қоғамдық сана мәселелері заманауи театр тілі арқылы көркем бейнеленді.
Бұл жоба – Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы студенттерінің (Дариға Тұранқұлованың жетекшілігімен) дуальды оқыту аясындағы алғашқы сахналық жұмысы. Қоюшы режиссері – Ш.Айтматов атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты Қуандық Қасымов.
Қойылым ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі айқындаған мәдени саясаттың басым бағыттарына сәйкес сахналанып отыр.
Жастар арасында ұлттық құндылықтарды дәріптеу мен заманауи театр өнерін дамытуды көздейтін бағытталған «Қалың елім, қазағым…» қойылымы – театрдың шығармашылық ізденісін айқындайтын және жас көрерменнің рухани дүниесін байытуға бағытталған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/1213006?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау