Құрметті қазақстандықтар!
Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл күн – тағдыры тоғысқан, тілегі ортақ, жүрегі бір ел деп соққан азаматтардың татулығы мен өзара құрметін дәріптейтін айрықша мереке. Ұлт пен ұлысқа бөлінбей, бір шаңырақ астында өмір сүріп жатқан халқымыздың бірлігі – бейбіт өмір мен тұрақтылықтың, ел дамуының берік тұғыры.
2026 жылғы 15 наурызда қабылданған жаңа Конституциямызда бірлік пен ынтымақ, этносаралық және конфессияаралық келісім қағидаттары мемлекетіміздің негізін қалаушы құндылықтары ретінде бекітілді. Ұлттық мәдениетті ұлықтау, тарихи-мәдени мұраны сақтау және әр азаматтың ар-ождан бостандығын қамтамасыз ету – ел дамуының маңызды бағыттары ретінде айқындалды. Қоғамдағы татулық пен келісімге сызат түсіретін кез келген әрекетке жол жоқ.
Еліміздің мәдени әралуандығы – біздің байлығымыз бен мақтанышымыз. Ол адамдарды жақындастырып, өзара сенім мен түсіністікті тереңдете түседі.
Дәстүрге адалдық, тату көршілік пен жасампаздыққа ұмтылыс әрдайым өмірлік бағдарымыз болсын.
Баршаңызға мықты денсаулық, бақ-береке және игі істеріңізге толағай табыс тілейміз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/press/news/details/1212934?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау