ШҚО әкімі өңір тұрғындарын Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов өңір тұрғындарын Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады:

-Құрметті шығысқазақстандықтар! Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл күн – еліміз бен облысымызда өмір сүріп жатқан түрлі этнос өкілдерінің бірлігі мен достығы, өзара құрметі мен ынтымағының белгісі. Бұл – ортақ болашағымызды құруға біріктіретін жарқын мереке.

Облыс тұрғындарына ауызбіршілікті сақтай отырып, ортақ міндеттерді тиімді шешіп, жоспарларымызды жүзеге асыруда қарқынды дамуды тілеймін.

Барлық шығысқазақстандықты 1 мамыр мерекесімен құттықтаймын! Достық мәңгі жасасын! Бейбітшілік пен тұрақтылық, өзара түсіністік пен келісім арта берсін!

Құрметпен, ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/1212943?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version