Түрксіб ауданы Төтенше жағдайлар басқармасы табиғи газдан улану жағдайларына байланысты кешенді профилактикалық жұмыстар жүргізді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Түрксіб ауданы Төтенше жағдайлар басқармасы аудан аумағында орын алған табиғи газдан улану жағдайларына байланысты кешенді профилактикалық жұмыстар жүргізді.

Аталған іс-шараға Полиция басқармасы, «АлматыГаз» АРЦ, Тұрғын үй инспекциясы, сондай-ақ Алматы қаласы «Жастар Рухы» ЖҚ төрағасы, Қоғамдық кеңес мүшесі Ділдәбек Дидарбек Жұмағалиұлы, жергілікті блогер, қоғам белсендісі Құрманғазы Нияз Қалмұхамбетұлы және белсенді жастар қатысты.

Жұмыс барысында Сейфуллин даңғылында орналасқан аз қабатты тұрғын үйлердің тұрғындарымен кездесулер ұйымдастырылып, табиғи газды пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтау, газ құралдарын дұрыс қолдану, желдету жүйелерінің жұмысын қамтамасыз ету және газдан уланудың алдын алу шаралары жан-жақты түсіндірілді.

Сонымен қатар тұрғындарға қауіпсіздік ережелері жазылған жадынамалар таратылып, төтенше жағдай туындаған жағдайда жедел қызметтердің нөмірлеріне хабарласу қажеттілігі ескертілді

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-almaty/press/news/details/1212914?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version