Виктор Друзин көркем жүзуден Сианьдағы әлем Кубогы кезеңінде қола жүлде иеленді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

1-3 мамыр аралығында Қытайдың Сиань қаласында көркем жүзуден (синхронды) әлем Кубогының үшінші кезеңі өтуде, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Байрақты бәсекеге 21 елден 150-ге жуық атлет қатысуда. Ел намысын бұл жарыста 20 спортшы қорғап  жатыр.

Доданың алғашқы күнінде отандастарымыз жүлдеге қол жеткізді. Атап айтқанда, Виктор Друзин жекелей сындағы техникалық бағдарламада үздік үштікті түйіндеді.

Сондай-ақ дәл осы сайыста Алдияр Рамазанов 4-орынға тұрақтады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sport/press/news/details/1213033?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version