Астанада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы аясында «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Іс-шараның басты мақсаты – бұлақ көздерін ашу, оларды тазарту және қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
Аталған акцияға «Астана Тазалық» мекемесінің қызметкерлері мен еріктілер қатысты. Әр тараптан 50 адамнан қатысып, жалпы саны 100 адам табиғатты қорғау жұмысына атсалысты.
Іс-шара барысында қатысушылар 3 шақырым аумақты тазалап, бұлақ маңын қоқыстан арылтты.
Бұл бастама қоршаған ортаны қорғауға бағытталған нақты іс-қимылдардың бірі болды.
Айта кету керек, елімізде еріктілер қозғалысы қарқынды дамып келеді. Соңғы жылдары еріктілер саны айтарлықтай артып, бүгінде жүз мыңдаған азамат түрлі әлеуметтік және экологиялық жобаларға белсенді қатысуда.
«Мөлдір бұлақ» акциясы – тек тазалық жұмысы ғана емес, бұл – қоғамдағы жауапкершілік пен бірліктің айқын көрінісі. Мұндай шаралар арқылы тұрғындар табиғатты аялаудың маңызын терең түсініп, ортақ іске өз үлестерін қосуда.
#ТазаҚазақстан #экология #TazaChallenge @TazaQazaqstan
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1213069?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау