АУДАНДА МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

🔱 Бүгін аудан орталығында 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Салтанатты жиынға аудан әкімі Азат Оралбаев қатысып, тұрғындарды айтулы мерекемен құттықтады.

🔱 Құттықтау сөзінде аудан басшысы елдегі татулық пен тұрақтылықтың маңызын атап өтіп, этносаралық келісім мен қоғамдық бірлікті нығайтудың мәніне тоқталды.

🔱 Шара барысында Ассамблея төрағасы Ермекбай Сатенов сөз сөйлеп, аудан жұртшылығына ізгі тілегін жеткізді. Ол Қазақстан халқының бірлігі – ел дамуының берік негізі екенін атап өтті.

🔱 Мерекелік бағдарлама аясында түрлі этнос өкілдері өнер көрсетіп, ұлттық дастархан жайып, келген қонақтарға дәм татқызды.

🔱 Мереке аясында спорттық жарыстар ұйымдастырылып, балаларға арналған ойын алаңдары жұмыс істеді. Субұрқақ маңында балаларға балмұздақ таратылып, тұрғындар көтеріңкі көңіл күйде демалып, мерекелік атмосфераны сезінді.

🔱 Іс-шара соңында өнерпаздар бір сахнада бас қосып, бейбітшілік пен татулықты дәріптеген қорытынды ән орындалды.
Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-ordabin-audany/press/news/details/1213053?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version