Мамандандырылған күзет қызметі бөліністері арасында бокстан турнир өз мәресіне жетті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасы ІІМ Күзет қызметін бақылау комитетінің спорттық жоспарына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы мамандандырылған күзет қызметі басқармасының ұйымдастыруымен Мамандандырылған күзет қызметі бөліністері арасында бокстан турнир өз мәресіне жетті.

Турнирдің мақсаты – жеке құрамның дене дайындығын арттыру, спорттық шеберлікті дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау және бөлімшелер арасындағы ынтымақтастықты нығайту.

Командалық есеп нәтижесі бойынша:
І орын – ІІМ КҚБК Жезқазған қаласының мамандандырылған күзет қызметі басқармасы
ІІ орын – ІІМ КҚБК Шымкент қаласы және Түркістан облысының мамандандырылған күзет қызметі басқармасы
ІІІ орын – ІІМ КҚБК Алматы қаласының мамандандырылған күзет қызметі басқармасы.

Жарыс барысында жоғары нәтижелер көрсеткен спортшылар жеке номинациялар бойынша анықталып, естелік сыйлықтармен марапатталды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге Қазақстан Республикасы ІІМ Күзет қызметін бақылау комитеті төрағасының атынан дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kkod-mvd/press/news/details/1213061?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version