Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу – басты назарда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Мектеп қабырғасында жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында білім ошағында  Профилактикалық жұмысты үйлестіру басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Т. Селбаевтың қатысуымен кездесу өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заң талаптарын түсіндіру және құқыққа қайшы әрекеттердің салдарын ұғындыру.

Кездесу барысында Т. Селбаев жасөспірімдерге қазіргі қоғамдағы құқықбұзушылық түрлері, олардың туындау себептері және алдын алу жолдары туралы кеңінен айтып өтті. Сонымен қатар, кәмелетке толмағандардың құқықтары, міндеттері және жауапкершілігі нақты мысалдар арқылы түсіндірілді.

Оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, құқықтық тақырыпта ашық пікір алмасты. Әсіресе, интернет қауіпсіздігі, буллинг және тұрмыстық құқықбұзушылық мәселелері кеңінен талқыланып, пайдалы ұсыныстар берілді.

Іс-шара соңында жасөспірімдер заң талаптарын сақтауға, тәртіпті болуға және қоғамда белсенді азаматтық ұстаным қалыптастыруға шақырылды.

Бұл кездесу құқықтық мәдениетті қалыптастыруға және жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алуға бағытталған жұмыстардың тиімділігін арттыруға оң ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1213067?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version