Ақтөбеде өтіп жатқан дзюдодан республикалық турнирге 280 жас спортшы жиналды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

Ақтөбе қаласында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Айдар Джиембаевтың жүлдесіне арналған дзюдодан жасөспірімдер арасындағы республикалық турнир басталды.

«Жекпе-жек» сарайында өтіп жатқан жарысқа 2010–2011 жылы туған ұлдар мен қыздар қатысуда. Дәстүрлі дода биыл сегізінші рет ұйымдастырылып отыр.

Ашылу салтанатына өңір басшысы Асхат Шахаров қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Облыс әкімі өз сөзінде Мемлекет басшысының спорттық инфрақұрылымды дамыту және бұқаралық спортты ілгерілету жөніндегі тапсырмалары аясында аймақта ауқымды жұмыстар атқарылып жатқанын атап өтті.

Биылғы турнирге Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстары және Ақтөбе облысының бірнеше ауданынан келген 280 жас спортшы жиналды.

Жарыс 8 салмақ дәрежесі бойынша ұлдар және 8 салмақ дәрежесі бойынша қыздар арасында өтуде.

Айдар Джиембаев — елімізде дзюдо спортының дамуына зор үлес қосқан білікті бапкер.

Турнирдің басты ерекшелігі — жеңімпаздар мен жүлдегерлерге «Спорт шеберіне үміткер» (КМС) спорттық разряды беріледі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/1213130?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version