Құрметті жерлестер!
Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!Бұл күн біздің еліміздегі бейбітшілік пен келісімнің, достық пен өзара сыйластықтың символы болып табылады. Мемлекет Басшысы Қасым–Жомарт Кемелұлы Тоқаев: “біз өз жерімізде бейбітшілік пен келісімде өмір сүруге болатындығын дәлелдеген, көпшілікті өз тағдырын өз бетінше анықтай алатынына сендірген және болашаққа сенімді қадам басатын біртұтас ұлтпыз. Бұл жолда біз еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігін нығайтып, барлық қиындықтарды еңсеріп, өз мақсаттарымыздан шегінбейміз“. Түрлі этностардың өкілдері әлемде бір шаңырақ астында өмір сүріп, ортақ мақсаттар үшін еңбек етуде. Бұл біздің басты байлығымыз бен мақтанышымыз. Біздің ауданда бірлік пен келісім жоғары көтерілді. Ортақ мүдделермен біріктірілген әртүрлі этностардың өкілдері туған жеріміздің өркендеуіне елеулі үлес қосуда. Біздің көпұлтты халқымыздың амандығы мен бірлігі — тәуелсіз Қазақстанның басты баға жетпес құндылығы. Біздің тату еліміздің бірлігін сақтау–әрқайсымыздың азаматтық борышымыз.
Құрметті отандастар! Осы мереке күні Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға қуаныш пен амандық, сондай-ақ еңбекте зор табыс тілеймін! Біздің бірлігіміз берік, ал өміріміз құнарлы болсын! Мереке құтты болсын!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/1213117?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау