Черкасс облысы, 2026 жылғы 2 мамыр – Елші Төлежан Барлыбаев Ризино ауылына барып, қазақ жауынгері – Кеңес Одағының Батыры Серікбай Мүткеновтің ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты.
Салтанатты рәсімге қатысушылар алдында сөз сөйлеген қазақстандық дипломат Павлодар облысының тумасы Серікбай Мүткеновтің 1943 жылдың күзінде Днепрден өту кезіндегі ерлікпен жасаған батырлығын атап өтті.
1944 жылдың қаңтарында Ризино ауылын фашист басқыншыларынан азат ету жолындағы шайқастарда Серікбай Мүткенов ерлікпен соғысып, жауынгерлік борышын абыроймен атқара отырып қаза тапты. Соғыс даласындағы ерліктері үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен оған Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Қазақстан Елшісі Ризино ауылының басшылығына қазақ жауынгерінің есімін қамқорлықпен сақтап, оның құрметіне ауылдың орталық көшелерінің біріне есімі берілгені, мемориалдық тақта мен ескерткіш орнатылғаны, сондай-ақ Қазақстаннан шыққан батырдың өмірі мен ерлігі туралы экспозицияның сақталып отырғаны үшін алғыс білдірді.
Т.Барлыбаев сондай-ақ Ризино лицейіндегі Серікбай Мүткеновтің естелік бұрышына барып, басшылыққа мектеп оқушыларының білім алуына арналған компьютерлер, кітаптар және кеңсе жабдықтарын тарту етті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kiev/press/news/details/1213101?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау