Қазақстанның ұлттық құрамасы Балқан математика олимпиадасына қатысады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 3-8 мамыр аралығында Грецияның Салоники қаласында Балқан математика олимпиадасы (Balkan Mathematical Olympiad – BMO) өтеді.

Олимпиаданың негізгі мақсаты – оқушылардың математикалық қабілеттерін шыңдау, ғылыми ойлау мәдениетін қалыптастыру және қатысушы мемлекеттер арасындағы академиялық байланысты нығайту.

Жарысқа Албания, Босния және Герцеговина, Болгария, Кипр, Греция, Солтүстік Македония, Черногория, Молдова, Румыния, Сербия және Түркия елдері тұрақты түрде қатысады. Сонымен қатар, жыл сайын Азия мен Еуропаның бірқатар мемлекеттері қонақ ел ретінде шақырылады. Биылғы жарысқа барлығы 25 мемлекеттен 150-ден астам оқушы қатысады.

Қазақстан бұл олимпиадаға тұрақты түрде қатысып келеді. Осы уақыт аралығында ұлттық құрама жоғары нәтижелер көрсетіп, халықаралық рейтингте өз орнын қалыптастырды.

Қазақстан құрамасының мүшелері:

Мурат Тимур – Алматы қаласындағы Haileybury мектебінің 12-сынып оқушысы;
Бейганов Батырхан – Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 10-сынып оқушысы;
Еркебұланұлы Али – Алматы қаласындағы Haileybury мектебінің 11-сынып оқушысы;
Алиасқар Сұлтанәлі – Астана қаласындағы «Білім-инновация» лицей-интернатының 10-сынып оқушысы;
Ансатов Арнұр – Қызылорда облыстық С. Шаухаманов атындағы №9 «Білім-инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы;
Орынбасар Бердібек – Атырау облыстық «Білім-инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы.

Қазақстан құрамасының жетекшілері:
Асылбек Исахов – Қазақ-Америка университетінің президенті;
Мұхтар Қабақ – Назарбаев Зияткерлік мектебі «Астана-Нұра» филиалының маманы.

Балқан математикалық олимпиадасына қатысу қазақстандық оқушылар үшін Халықаралық математика олимпиадасына (IMO) дайындықтың маңызды кезеңі саналады. Аталған дода 2026 жылғы 10-21 шілде аралығында Шанхай қаласында өтеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/1213128?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version