Республикалық «Таза Қазақстан» акциясы аясында ШҚО ТЖД қызметкерлері Марқакөл ауылындағы жаңартылған өрт сөндіру бөлімінің іргелес аумағын абаттандырды.Жаңа депо маңында құтқарушылар ағаш отырғызып, қыс мезгілінен кейінгі аумақты ретке келтірді. Енді бұл жер бұрынғыдан да көрікті әрі жасыл бола түсті.
ШҚО ТЖД бастығы Рашид Блялов атап өткендей: «Тазалық пен тәртіп әрқайсымыздан басталады. Мұндай іс-шаралар адамдарды біріктіріп, қауіпсіздік қызметін атқаратын орындарға жауапкершілікпен қарауды қалыптастырады. Қураған өсімдіктерді тазалау, аумақты абаттандыру және көгалдандыру – бұл тек құтқарушылардың жұмыс істеуіне жайлы жағдай жасау ғана емес, сонымен қатар төтенше жағдайлардың алдын алудың маңызды шарасы».
Мұндай бастама – жай ғана сенбілік емес, бұл құтқарушылардың болашақ ұрпағына қосқан үлесі, экологиялық бастамаларды қолдаудағы маңызды қадам әрі қоршаған ортаға ұқыпты қарау құндылықтарын нығайту болып табылады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-vko/press/news/details/1213121?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау