2026 жылғы 1–15 сәуір аралығында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында барлық білім беру ұйымдарында 5–11 сынып оқушылары, педагогтер мен мектеп қызметкерлері аумақтарды абаттандыру және санитарлық тазалау бойынша сенбіліктерге белсенді қатысты.
Іс-шара барысында қатысушылар мектеп аумақтарын тазалап, қоқыстарды жинау жұмыстарын жүргізді, сондай-ақ бұталарды кесу және санитарлық ретке келтіру жұмыстарын атқарды. Атқарылған жұмыстар қоршаған ортаның экологиялық жағдайын жақсартуға, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және өскелең ұрпақты табиғатты аялауға тәрбиелеуге бағытталды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tmr-roo/press/news/details/1213512?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау