Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы мүгедектігі бар адамдарға көрсетілетін техникалық оңалту құралдарының құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдендірілген соманы айқындау әдістемесі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мүгедек адамдарды әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізуде.
Негізгі мақсаты-адамның нақты қажеттіліктеріне назар аудара отырып, оңалтудың сапасын, қолжетімділігін және тиімділігін арттыру.
Ағымдағы жылдың сәуір айында бұйрыққа өзгерістер енгізілді – әлеуметтік қызметтер порталы арқылы мүгедектігі бар адамдарға көрсетілетін техникалық оңалту құралдарының құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдендірілген соманы айқындау әдістемесі қайта қаралды.
Бұған дейін кепілдік берілген соманы айқындауды комиссия өткен қаржы жылындағы бағалардың орташа мәні туралы ақпараттың үш көзі негізінде – әлеуметтік қызметтер порталының, тауарларды мемлекеттік сатып алудың және әлеуетті өнім берушілердің коммерциялық ұсыныстарының деректері негізінде жүргізген.
Жаңа Әдістемеде кепілдендірілген сома әлеуметтік қызметтер порталының деректерін және электрондық дүкен деректерін ескере отырып есептелетін болады.
Осыған байланысты, тауарлардың нарықтық құны бойынша электрондық сауда алаңдарының жиынтық деректерін алу үшін әлеуметтік қызметтер порталын Қаржы министрлігінің цифрлық жүйелерімен интеграциялау жүргізілуде.
Болашақта қолмен араласусыз цифрлық платформалардың алынған нақты нарықтық деректері негізінде кепілдендірілген соманы автоматты түрде қалыптастыру жоспарлануда. Бұл ашықтықты, объективтілікті және біртұтас көзқарасты қамтамасыз етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-zhambyl/press/news/details/1213548?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version