Ағымдағы жылдың 30 сәуір күні Қарашыған ауылдық округінің М.Төлебаев атындағы орта мектебінде «Конституция күнделікті өмірде» ақпараттық акциясы аясында оқушылар арасында сауалнама жүргізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы білім деңгейін анықтау, құқықтық сауаттылығын арттыру және олардың заңға деген көзқарасын білу болды.
Сауалнама барысында оқушыларға Конституцияның мазмұны, азаматтардың құқықтары мен міндеттері, заңның қоғамдағы рөлі туралы сұрақтар қойылды. Сонымен қатар, күнделікті өмірде заң талаптарын сақтау, өз құқықтарын қорғау және жауапкершілік мәселелері қамтылды.
Жүргізілген сауалнама нәтижесінде оқушылардың басым бөлігі өз құқықтары мен міндеттері туралы жалпы түсінігі бар екенін көрсетті.
Іс-шара соңында оқушыларға түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, құқықтық білімдерін толықтыруға бағытталған ұсыныстар берілді. Бұл акция оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға және Конституцияның күнделікті өмірдегі маңызын тереңірек түсінуге ықпал етті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-sarkan-karashygan/press/news/details/1213761?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау