Алматы облысында жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Алматы облысындағы А. Асанов атындағы мергендер клубының аумағында заманауи дене шынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға берілді. Жаңа нысан өңірдің спорт инфрақұрылымын дамытып, балалар мен жасөспірімдердің шынығуына мүмкіндік береді.

Айтулы шараға ҚР Бас прокуроры, Қазақстанның Ұлттық спорттық ату федерациясының президенті Берік Асылов, Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев, сондай-ақ ҚР туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов қатысты.

Аймақ басшысы жобаның дені сау, рухы мықты ұрпақты тәрбиелеуге бағытталған маңызды әлеуметтік бастама екенін атап өтті.

Спорт кешенінде баскетбол, стритбол, гандбол, үстел теннисі, нысана көздеу, жүзу, велоспорт, семсерлесу және садақ ату бойынша үйірмелер жұмыс істейтін болады. Аптасына кемінде 800 баланы қабылдай алады. Спортшылардың жаттығуына барлық қолайлы жағдай жасалған. Ғимаратта көпфункционалды Final Hall ойын залы, бассейн, семсерлесу мен жаттығуға, нысана атуға арналған орындар қарастырылған. Жоба мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жүзеге асырылды. Нысанның жалпы ауданы – 4,8 мың шаршы метр. Жалпы құны – 2,5 млрд теңге. Жобаны іске асыру нәтижесінде 73 жаңа жұмыс орны ашылып, А. Асанов атындағы мергендер клубының материалдық-техникалық базасы едәуір нығайтылды. Алдағы уақытта кешен өңірлік және республикалық жарыстарды, оқу-жаттығу жиындарын өткізуге, сондай-ақ спортшыларды дайындауда заманауи әдістемелерді енгізуге жол ашады.

Қазақстан Республикасының туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов өз сөзінде мұндай заманауи спорт нысандарының құрылысы ұлт денсаулығына және отандық спорттың болашақ жетістіктеріне салынған инвестиция екенін атап өтті. Оның айтуынша, дәл осындай алаңдарда бұқаралық спорт резерві де, халықаралық аренада ел намысын қорғайтын үздік спортшылар да қалыптасады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1213744?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version