Аудан әкімі Асқар Қазыбаевтың төрағалығымен аппарат мәжілісінің отырысы өтті. Отырысқа аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім басшылары қатысты.
🔸️Отырыста ауданның негізгі даму көрсеткішінің орындалуы, аудандағы суға түсу маусымына дайындық және далалық өрттің алдын алу бойынша атқарылып жатырған жұмыстар “TAZA QAZAQSTAN” акциясының орындалуы туралы талқыланды. Аудандағы суға түсу маусымына дайындық жұмыстары мен Ойыл ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Кобланов Жанарбек Айдынғалиұлы баяндама жасады. Жиын барысында аудан әкімі бөлім басшыларына жаңадан тағайындалған әкім орынбасары Жеткізгенов Асет Тілеуқабақұлын таныстырып, жаңа жұмысына сәттілік тіледі.
🔹️Жиын соңында күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша аудан әкімі сала басшыларына бірқатар тапсырмалар жүктеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-uil/press/news/details/1213911?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау