Ақмола облысының жас экологтары «ProEco» республикалық байқауында топ жарды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астана қаласында 5-8  сынып оқушыларына арналған «ProEco» республикалық экологиялық жобалар байқауы өтті.

Байқаудың негізгі мақсаты – зерттеушілік қабілеті жоғары, экологиялық мәселелерді шешуге ұмтылатын дарынды оқушыларды анықтау және қолдау. Ұйымдастырушылардың айтуынша, қатысушылар табиғатты қорғау, экологиялық ахуалды жақсарту және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған жобаларын ұсынды.

Республикалық кезеңге 4 ақмолалық дарынды оқушы қатысты.

Байқау қорытындысы бойынша I дәрежелі дипломмен:

1.«Туған өлке табиғаты» бағыты бойынша Бұлғын Шуақ – Астана қаласы, №2 «Дарын» облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының 7-сынып оқушысы;

2.«Таза қала сізден басталады» бағыты бойынша Алтынбек Сағыныш – Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп – интернатының 8-сынып оқушысы марапатталды.

Ақмолалық оқушылардың жетістігі – тек жеке жеңіс қана емес, сонымен қатар ұстаздар мен тәлімгерлердің жүйелі еңбегінің нәтижесі.

Жеңіспен шын жүректен құттықтаймыз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-edu/press/news/details/1213438?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version