Ақтауда эпидемиологиялық ахуал және жоспарлы вакцинация мәселелері талқыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

28 сәуір күні Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақовтың төрағалығымен 2026 жылдың І тоқсанындағы эпидемиологиялық жағдай және ұлттық профилактикалық егу күнтізбесінің орындалу барысы қаралды. Жиынға Маңғыстау облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Мұхтар Сербаев, сондай-ақ қалалық медициналық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Күн тәртібіндегі негізгі мәселе бойынша Ақтау қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Қолқанат Есмурзаева баяндама жасап, алғашқы үш айдағы инфекциялық аурулардың динамикасы мен тұрғындардың жоспарлы вакцинациямен қамтылу деңгейіне жан-жақты тоқталды. Талдау қорытындылары кейбір бағыттар бойынша екпе алу көрсеткіштерінің төмендігін және профилактикалық жұмыстың жүйелілігі жеткіліксіз екенін көрсетті.

– Эпидемиологиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету – жауапты мекемелердің үйлесімді әрі тиімді іс-қимылының нәтижесі. Баяндамада көрсетілген кемшіліктер мен нысаналы индикаторларға қол жеткізбеу фактілері бойынша шұғыл түрде нақты шаралар қабылдануы тиіс. Медициналық ұйымдардың басшыларына бір ай мерзім ішінде анықталған олқылықтарды жойып, жұмыс тиімділігін арттыру маңызды, – деді қала әкімі.

Жиын қорытындысы бойынша қала әкімі жауапты тұлғаларға көрсеткіштер деңгейін арттыруға бағытталған нақты ұсыныстар әзірлеуді, сондай-ақ халық денсаулығын қорғауға бағытталған кешенді шараларды күшейтуді тапсырды.

Ақтау қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1213884?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version