Елішілік құндылық үлесін дамыту және отандық тауар өндірушілерді қолдау жөніндегі комиссия аясында «Восход Ориел» ЖШС және «Ақтөбе мыс компаниясы» ЖШС кәсіпорындарында жергілікті өндіруші «Alash Engineering Technology» ЖШС қатысуымен көшпелі кездесу ұйымдастырылды.
«Alash Engineering Technology» ЖШС өнеркәсіптік жабдықтарда қолданылатын сальниктер, манжеттер мен цилиндрлер өндіруге маманданған. Сапар барысында қатысушылар кәсіпорындардың өндірістік нысандары мен технологиялық процестерімен танысып, отандық өнім қолданылатын өндірістік цехтарды аралады.
Кездесу қорытындысы бойынша өнім үлгілері тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтан өткізу үшін іріктеліп алынды. Бұл сынақтар бұйымдардың тиімділігі мен сапасын нақты өндірістік жағдайда бағалауға мүмкіндік береді.
Мұндай іс-шаралар елішілік кооперацияны нығайтуға, импортқа тәуелділікті төмендетуге және отандық өнеркәсіпті дамытуға ықпал етеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-industiya-innovatsiya/press/news/details/1213282?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау