Ақтөбеде прокуратура инвестордың 100 млрд теңгеге құқықтарын қорғады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақтөбе қаласының прокуратурасы электр станциясын салу бойынша стратегиялық маңызды жобаны іске асырушы «Energy Flow Generation» ЖШС-нің құқықтарын қалпына келтірді.

Жобаның жалпы инвестиция көлемі 100 млрд теңгені құрайды, бұл бастапқы кезеңнің өзінде 100-ден астам жаңа жұмыс орнын ашуға және өңірдің энергетикалық тәуелсіздігін нығайтуға мүмкіндік береді.

Проблемалық мәселені инвестор өкілдері Ақтөбе қаласының прокуроры Бақытжан Ешмағанбетовтің жеке қабылдауы кезінде көтерді.

 Анықталғандай, әкімдік 35 га жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге заңсыз түрде бас тартқан және оның себебін қаланың Бас жоспарына сәйкес келмеуімен негізделген.

Аталған мәселені жан-жақты зерделеу барысында жер учаскесінің негізгі бөлігі өндірістік аймақта орналасқаны анықталды.

Прокурорлық қадағалау актісі негізінде жергілікті атқарушы органның заңсыз шешімі бұзылып, әкімшілік кедергі жойылды.

Қазіргі уақытта инвестициялық жобаны іске асыру жалғасуда.

Ақтөбе облысының прокуратурасы инвесторларды +7 (777) 220-10-77 телефоны арқылы немесе 115 Call-орталығына хабарласуға шақырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-aktobe/press/news/details/1213782?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version