«Білім беру жүйесінде Конституциялық қағидаттарды ілгерілету – білім сапасын арттыру мен құқықтық қорғалуды қамтамасыз етудің факторы» тақырыбанда 2026 жылдың 30 сәуір күні «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Атырау облысы бойынша Кәсіби даму институты филиалында кездесу өткізілді.
Кездесуге Департамент қызметкерлері, «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығы мамандары, білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтер қатысты.
Кездесу барысында Департамент басшысы Б. Таишев білім беру жүйесінде конституциялық қағидаттарды ілгерілету – бұл тек заң нормаларын сақтау ғана емес, ол – қоғамда әділеттілік, теңдік және құқықтық мәдениетті қалыптастырудың негізі екенін, әсіресе 2026 жылғы конституциялық реформалар аясында бұл бағытқа жаңа серпін беріліп отырғанына тоқталып, конституциялық құндылықтарды оқу сабақтары мен тәрбие жұмыстарының мазмұнына енгізудің тиімді тетіктерін ұсынды.
Сонымен қатар, білім беру жүйесінің басты тірегі – педагогтер қауымы. Ұстаз – ұлттың болашағын тәрбиелейтін тұлға. Осыған байланысты педагог мәртебесін арттыру, олардың құқықтарын қорғау және кәсіби қызметіне қолайлы жағдай жасау – мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының бірі. Конституциялық реформалар аясында педагогтердің құқықтық қорғалуы күшейтіліп, олардың кәсіби әдеп нормаларын сақтауына ерекше назар аударылуда. Бұл – ұстаз беделін арттырып қана қоймай, білім беру сапасына тікелей әсер ететін фактор.
Конституциядағы білім саласына қатысты негізгі тетіктер талқыланып, педагогтер өз ойларын ортаға салды.
Нәтижесімен Конституцияның маңыздылығы адам құқықтарының басымдығын бекіту – білім беру жүйесінде әділеттілік пен сенімділікті нығайтады деген қорытындыға келді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-atyrau/press/news/details/1213914?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау