Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай Шет ауданында жеңіл атлетикадан облыстық жүгіру жарысы ұйымдастырылды.
Аталған шара – достық пен татулықты нығайтып, салауатты өмір салтын, сондай-ақ заң мен тәртіпті құрметтеуді насихаттаудың жарқын көрінісі болды.
Жарысқа әр өңірден келген қатысушылар белсенділік танытып, ұйымшылдық пен тәртіптің үлгісін көрсетті. Барлық спортшыларға алғыс білдіреміз және жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!
Бірлігіміз бекем болып, елімізде бейбітшілік, заң мен тәртіп әрдайым үстем болсын!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet/press/news/details/1213423?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау