Батыс Қазақстан облысында “Таза Қазақстан” республикалық акциясы аясында өңірдің санитарлық жағдайын жақсарту және экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытындағы кешенді жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда.
Полиция қызметкерлері жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, аумақтарды абаттандыру қағидаларының сақталуын тұрақты бақылауда ұстап отыр. Қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару бойынша келісімшарттары жоқ заңды тұлғаларға қатысты қолданыстағы заңнамаға сәйкес шаралар қабылдануда. Сонымен қатар тұрғындар арасында санитарлық талаптарды сақтау және экологиялық сауаттылықты арттыру мақсатында түсіндіру жұмыстары тұрақты жүргізілуде.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде 183 заңсыз қоқыс орны анықталып, оның 147-сі жойылды. Деркөл кенті аумағындағы стихиялық қоқыс орны толықтай тазартылды. Қоғамдық тәртіп пен тазалықты сақтау мәселесі үздіксіз қадағаланып отыр.
Акция басталғалы бері облыс аумағында 67 мобильдік топ құрылып, күнделікті рейдтік іс-шаралар өткізуде. Нәтижесінде бүгінгі күнге дейін 26 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Атап айтқанда: белгіленбеген орындарға қоқыс тастау бойынша – 2 мыңнан астам; қоғамдық орындарды ластау бойынша – 11 мыңнан астам; абаттандыру қағидаларын бұзу бойынша – 13 мың құқық бұзушылық тіркелді.
Жүргізіліп жатқан жұмыстар өңірде тазалық мәдениетін қалыптастыруға, қоршаған ортаны қорғауға және тұрғындар үшін қолайлы өмір сүру ортасын қамтамасыз етуге бағытталған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/1213722?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау