Бүгін аудан әкімі Ж.Қаражановтың төрағалығымен жиын өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жиында Жылыой ауданы полиция басқармасының бастығы А.Кокалов 2025 жылдың қорытындысы мен 2026 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстар бойынша баяндама жасады.

Баяндамада аудан аумағындағы қоғамдық-саяси жағдайдың тұрақты екені атап өтіліп, қылмыстық құқық бұзушылықтардың жалпы саны төмендегені айтылды.

Сонымен қатар, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу, жол қауіпсіздігін сақтау және профилактикалық іс-шараларды күшейту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілгені жеткізілді.

Ағымдағы жылдың алғашқы 3 айында да жедел-профилактикалық іс-шаралар кең көлемде ұйымдастырылып, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жалғасуда.

Жиын қорытындысы бойынша аудан әкімі құқықтық тәртіпті нығайту, қоғамдық қауіпсіздікті арттыру және алдын алу шараларын күшейту бойынша жауапты органдарға нақты тапсырма берді.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-zhylyoy/press/news/details/1213854?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version