Іс-шара барысында Академия өкілдері мемлекеттік қызметшілерге магистратураға түсу тәртібі, қойылатын талаптар, іріктеу кезеңдері, білім беру бағдарламаларының ерекшеліктері мен артықшылықтары туралы кеңінен ақпарат берді. Сонымен қатар, оқу барысында ұсынылатын мүмкіндіктер, кәсіби және жеке даму жолдары жан-жақты түсіндірілді.
Кездесу еркін форматта өтіп, қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, толыққанды жауап алды. Әсіресе, мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттыру, заманауи басқару дағдыларын меңгеру және мансаптық өсу мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды.
Бұл кездесу – мемлекеттік қызмет сапасын арттыруға, кәсіби әрі бәсекеге қабілетті кадрлар даярлауға бағытталған маңызды қадамдардың бірі. Мұндай іс-шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-karatau/press/news/details/1213653?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау