Мұхамеджан Тынышбайұлы атындағы тарихи-өлкетану музейі ғимаратында әнші, композитор, Қазақстанның халық әртісі Дәнеш Рақышевтің 100 жылдығына арналған «100 жылдық жыр: Дәнеш салған әуен» атты көрменің салтанатты ашылуы өтті.
Шараға өнер иесінің қызы Гүлнар Дәнешқызы, сондай-ақ шәкірттері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұржан Жанпейіс және республикалық конкурстардың лауреаты Серікбол Шыныбаев арнайы қатысты. Сонымен қатар зиялы қауым өкілдері, мәдениет қызметкерлері, ұстаздар мен жастар жиналды.
Тағылымы мол кеш барысында Дәнеш Рақышевтың өмір жолы мен шығармашылығы жайлы естеліктер айтылып, оның әндері орындалды. Қонақтарға көрме бойынша экскурсия ұйымдастырылып, әншінің жеке заттары, фотосуреттері мен құжаттары ұсынылды. Әсіресе Алматы қаласы Мультимедиялық дәстүрлі музыкалық орталығы қорынан әкелінген домбырасы келушілердің ерекше қызығушылығын тудырды. Айта кетейік, көрме 10 мамырға дейін жалғасады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/1213485?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау