Демалыс күндері бақылауда: Жетісу облысы жолдарында мыңнан астам құқық бұзушылықтың жолы кесілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жетісу облысы полиция қызметкерлері демалыс күндері күшейтілген рейдтік іс-шаралар өткізіп, жол жағдайын тәулік бойы бақылауда ұстады. Нәтижесінде жол-көлік оқиғаларына себеп болуы мүмкін 1165 жол қозғалысы ережесін бұзу дерегі анықталып, жолы кесілді.

Анықталған құқық бұзушылықтардың ішінде:
– 117-сі жаяу жүргіншілер тарапынан,
– 113-і жолаушылар мен жүктерді тасымалдау қағидаларын сақтамау,
– 45 жағдай – көлік жүргізу кезінде ұялы телефон пайдалану фактілері.

Заманауи технологиялар да кеңінен қолданылды. «Қорғау» қосымшасы мен арнайы дрондардың көмегімен қосымша 28 құқық бұзушылық анықталып, жедел түрде шара қолданылды.

Полиция мәліметінше:
«Демалыс күндері 3 тәулік ішінде 1165 құқық бұзушылықтың жолы кесілді. Жаяу жүргіншілер тарапынан 117 заң бұзушылық тіркелді. Жолаушылар мен жүктерді тасымалдау қағидаларын сақтамау – 113, көлік жүргізу кезінде телефон пайдалану – 45 дерек. „Қорғау“ қосымшасы мен арнайы ұшқышсыз аппараттарды қолдану арқылы 28 құқық бұзушылық анықталды».

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhetysu/press/news/details/1213442?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version