Еңбек шарттарын цифрландыру және қауіпсіз еңбек жағдайлары – күн тәртібінде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 29 сәуірде Көкшетау қаласындағы «Bolashaq saraiy» сарайында еңбек заңнамасын түсіндіру мәселелері бойынша семинар-кеңес өтті. Атап айтқанда, еңбек шарттарын Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде (ЕСУТД) тіркеу жұмыстарын ұйымдастыру, ұжымдық шарттарды жасасу және цифрландыру, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз ету мәселелері қаралды. Кеңеске әртүрлі саланың өкілдері, өңірдің кәсіподақтары, Ақмола облысының кәсіпкерлер палатасы, сондай-ақ жеке бизнес ұйымдарының, оның ішінде ауыл шаруашылығы құрылымдары мен құрылыс саласының өкілдері қатысты. Негізгі баяндама бойынша өзекті мәселелерді Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті департаменті басшысының орынбасары У.Б. Бейсембаев баяндады.  Кеңес қатысушыларына еңбек қатынастары саласындағы жұмыстың тиімділігін арттыруға, кадрлық процестерді цифрландыруға және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге бағытталған тиісті ұсынымдар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-enbek/press/news/details/1213213?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version