ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ – ТАРИХҚА ҚҰРМЕТ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың 40 жыл толуына орай ауданда еске алу шарасы ұйымдастырылып, ерлік көрсеткен азаматтарға құрмет білдірілді.
 
Іс-шараға аудан әкімі аппаратының басшысы Амалбек Өміртай, аудандық мәслихат депутаты Ерболат Жабаев, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Абдисаттар Абдыкалыков және Чернобыль апатының ардагерлері қатысты.
Жиын ескерткішке гүл қою рәсімімен басталып, апат құрбандарына құран бағышталды.
Кездесу барысында аудан әкімі аппаратының басшысы Амалбек Дәркенұлы апат салдарын жоюға атсалысқан азаматтардың батылдығы мен жанқиярлығын атап өтіп, оларға алғыс білдірді. Басқосуда бірқатар ардагерлер аудан әкімінің Алғыс хатымен, аудандық мәслихаттың Құрмет грамоталарымен марапатталды.
 
Шара соңында қатысушылар қаза болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алып, өткен күндердің естеліктерімен бөлісті.
 
Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-tolebi-audany/press/news/details/1213868?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version