Ағымдағы жылдың 23 сәуірінде аудан әкімдігінің акт залында экономика және бюджет, әлеуметтік-экономикалық даму, ауылшаруашылығы, заңдылық және құқықтық тәртіп мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтті.
Күн тәртібінің негізгі мәселесі бойынша: «Ауылдар мен аулдық округтер әкімдерінің оларға жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі» Красногорский кенті, Орловка және Знаменка ауылдары, Бұзылық, Жаныспай және Қаракөл ауылдық округ әкімдерінің баяндамалары тыңдалды.
Сонымен қатар, Есіл ауданының ауылдарын сумен жабдықтау, ауданның агроөнеркәсіптік кешені, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдау шаралары, елді мекендерді абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту мәселелері қаралды.
Отырыс қорытындысы бойынша, одан әрі жұмыс істеу бойынша ұсыныстар берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-esil/press/news/details/1213720?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау