Құрметті Сәтбаев қаласының жұмыс берушілері мен кәсіпкерлері!
Сіздерді бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» республикалық конкурсына қатысуға шақырамыз.
Конкурстың мақсаты — жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қоғам алдындағы корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыру және арттыру.
Конкурс жыл сайын екі кезеңде өткізіледі: өңірлік және республикалық деңгейде. Конкурсқа қатысу тегін.
Конкурс келесі номинациялар бойынша өткізіледі:
- «Ең үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын»
- «Еңбекті қорғау саласындағы ең үздік кәсіпорын»
- «Ең үздік ұжымдық шарт»
- «Экологияға қосқан үлесі үшін»
Сонымен қатар «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» арнайы сыйлығы тағайындалған. Бұл номинацияда халықтың әлеуметтік осал және аз қамтылған топтарының жұмыспен қамтылуына және (немесе) өмір сүру жағдайларын жақсартуға бағытталған бизнес жобалар қарастырылады.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау мерзімі — 2026 жылғы 01 шілдеге дейін.
Қосымша ақпарат алу үшін: «Сәтбаев қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ, мекенжайы: Сәтбаев қ., Наурыз көшесі, 148, 4-кабинет. Байланыс телефоны: 3-32-84.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-tayiynsha-krasnaya-polyana/press/news/details/1213779?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау