Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің «Бас диспетчерлік басқармасы» РММ 2026 жылғы 4 мамырда келесі СЭҚ қатысушыларының қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырды:
ЖК «Турсынбаев» өкілі – Зулпыхар Б;
ЖШС «Нур Алем» өкілі – Ортай Ж.;
ЖШС «Араншы» өкілі – Турсынбаев Б.
Дөңгелек үстел барысында «Кедендік ресімдеу кезінде тауарларды шығарудан бас тартудың бірыңғай негіздерін енгізу» тақырыбы бойынша толық түсіндірмелер берілді.
Ұсынылды:
1. Сыртқы экономикалық қызмет қатысушылары арасында түсіндіру жұмыстарын күшейту;
2. Кеден органдары тарапынан заңнама нормаларын біркелкі қолдануды қамтамасыз ету.
Барлық қойылған сұрақтарға түсіндірмелер берілді.
Сонымен қатар, тауарларға декларацияны толтыру тәртібін бұзу жағдайлары бойынша өзге де мәселелер қозғалды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-gdu/press/news/details/1213765?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау