Кентау қаласының намысын қорғаған «Рапсодия» халықтық би ұжымы Түркістан қаласында өткен «Сырлы би толқыны» облыстық байқауында жоғары шеберлік танытып, І орынға ие болды.
2000 жылы құрылған ұжым бүгінде түрлі ұлт билерін сахналап, кәсіби деңгейде өнер көрсетіп келеді. «Халықтық ұжым» атағына ие «Рапсодия» бұған дейін де республикалық және халықаралық байқауларда топ жарып, талай мәрте жүлделі орындар мен бас жүлделерді еншілеген.
Жетекшісі Ахмедова Гүлчехра Зупарқызы бастаған өнерпаздар бұл жолы да өз шеберліктерін дәлелдеп, Кентау абыройын асқақтатты.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kentau-kalasy/press/news/details/1213349?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау