Көлік министрлігінің басшылығы «Талдау мектебі – Школа аналитики» жобасының қатысушыларымен кездесті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің басшылығы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты қолдауымен жүзеге асырылып жатқан «Талдау мектебі – Школа аналитики» жобасының қатысушыларымен кездесті.

Іс-шара «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ алаңында өтіп, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі және Парламент Сенаттың бірлескен білім беру курсы аясында «Қазақстан: Орталық Азияның транзиттік хабы» тақырыбына арналды.

Ашық әрі еркін форматта ұйымдастырылған кездесуде көлік-логистика саласының қазіргі жағдайы мен даму перспективалары жан-жақты талқыланды. Министрлік басшылығы саланың стратегиялық бағыттары, негізгі басымдықтар мен транзиттік әлеуетті арттыру аясында қабылданып жатқан шаралар туралы халықаралық тәжірибелер мен нақты кейстер негізінде кеңінен баяндады.

Қатысушылар жаһандық өзгерістер жағдайында көлік жүйесінің бейімделуі, цифрлық шешімдердің енгізілуі және Қазақстанның Еуразиялық хаб ретіндегі рөлін күшейту мәселелеріне ерекше қызығушылық танытты. Сонымен қатар, өз зерттеулерінің көлік саласына ықпалы жөнінде пікірмен алмасып, әлемдік және ұлттық деңгейдегі үрдістердің салаға әсеріне қатысты көзқарастарын білдірді.

Кездесу қорытындысы бойынша іс-шараға қатысушылар атқарылып жатқан шаралар нәтижелі боларына және көлік саласы еліміздің болашағы үшін тұрақты кіріс көзіне айналарына сенім білдірді.

«Талдау мектебі – Школа аналитики» курсы түрлі саладағы жас мамандарға арналған. Бағдарлама аясында қатысушылар көлік-логистика жүйесінің негіздерін, инфрақұрылымдық шешімдер қабылдау қағидаттарын және жүк ағындарын басқару тетіктерін меңгеріп, Қазақстанның стратегиялық транзиттік хаб ретіндегі орнын терең түсінуге мүмкіндік алады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/1213382?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version