«Квадрат» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстары жүргізілуде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Квадрат» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында, сондай-ақ мереке күндеріне байланысты күшейтілген қызметтік режимге көшуге орай, бөлімнің учаскелік полиция инспекторлары аудандық прокуратура және пробация қызметінің қызметкерлерімен бірлесіп кешенді жұмыстар атқаруда.

Іс-шара барысында шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған, сондай-ақ әкімшілік қадағалауда тұрған азаматтардың тұрғылықты мекенжайлары тексеріліп, олардың мінез-құлқы мен белгіленген шектеулерді сақтау деңгейіне бақылау жүргізілуде. Бұл өз кезегінде қайта құқық бұзушылықтардың алдын алуға және қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған.

Сонымен қатар, азаматтармен профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, құқық бұзушылықтар мен қылмыстарға жол бермеу, сот қаулысында белгіленген талаптарды қатаң сақтау, тұрғылықты мекенжайын рұқсатсыз өзгертпеу және белгіленген уақытта тіркеліп отыру қажеттілігі ескертілуде.

Бұдан бөлек, құқық қорғау органдары тарапынан тәуекел топтарына жататын азаматтарды әлеуметтік бейімдеу, оларды жұмыспен қамту мәселелері бойынша да тиісті мекемелермен өзара іс-қимыл ұйымдастырылуда. Бұл шаралар олардың қоғамға қайта бейімделуіне оң ықпал етеді.

Іс-шара аясында қоғамдық орындарда құқықтық тәртіпті сақтау, ұсақ құқық бұзушылықтардың алдын алу және тұрғындар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру бағытында да рейдтік жұмыстар жүргізілуде.

Негізгі мақсат — құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қоғамда заң мен тәртіп қағидаттарын нығайту.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1213770?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version