Іс-шара барысында мереке кезеңінде мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқына қойылатын негізгі талаптар жеткізілді. Қолданыстағы заңнама нормаларын сақтау, қызметтік тәртіпті бұзуға жол бермеу, сондай-ақ қызмет барысында да, қоғамдық орындарда да әдепті әрі лайықты мінез-құлық таныту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар, қызметтік әдеп нормаларын сақтау және мемлекеттік қызметтің оң имиджін нығайту мәселелері жеке қарастырылды. Адалдық, ашықтық және жауапкершілік қағидаттарын қатаң ұстану қажеттігі атап өтілді.
Рауан Жампеисов қызметтік әдеп нормаларын сақтау азаматтардың мемлекеттік органдарға деген сенімін арттырудың маңызды факторы екенін және мемлекеттік қызметтің беделіне кері әсер ететін әрекеттерге жол бермеу қажет екенін атап өтті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar/press/news/details/1213608?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау