Марат Пашимов Алматыдағы медициналық нысандарды жөндеу және қайта жаңғырту жұмыстарын тексерді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Пашимов жұмыс сапары аясында қаладағы бірқатар медициналық ұйымдарды аралап, құрылыс және жөндеу жұмыстарының барысымен, сондай-ақ мекемелердің ағымдағы қызметімен танысты.

Негізгі нысандардың бірі Дәулеткерей көшесі, 162 мекенжайында орналасқан №27 Қалалық емхана филиалы, ол шамамен 17 мың тұрғынға қызмет көрсетеді. Мұнда күрделі жөндеу жұмыстары 16 желтоқсанда басталып, бүгінгі күні іс жүзінде аяқталуға жақын.

Сапар барысында сондай-ақ №7 Қалалық клиникалық аурухана тексерілді. Бұл мекемедегі қайта жаңғырту жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес, кешігусіз жүргізілуде.

Ерекше назар «Алау» балалар оңалту орталығы нысанына аударылды. Мұнда күрделі жөндеу жүргізілуде. Мердігерлердің мәліметінше, барлық жұмыстар жоспарға сай, мерзімдер мен сапа талаптарын сақтай отырып орындалуда.

Сонымен қатар, басқарма басшысы №11 Қалалық емхана мен №9 Қалалық емхана қызметімен танысып, медициналық көмектің ұйымдастырылуын және пациенттерге жасалған жағдайларды бағалады.

Сапар қорытындысы бойынша қаладағы денсаулық сақтау нысандарын жаңғырту жоспарлы түрде жалғасып жатқаны атап өтілді. Бұл өз кезегінде халыққа көрсетілетін медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-densaulyk/press/news/details/1213187?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version