Департамент тарапынан ай сайын дәрігерлік-консультативтік комиссиялар мен емдеу – профилактикалық ұйымдардың бас дәрігерлері арасында медициналық – әлеуметтік сараптама мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
Атап айтқанда, 2026 жылғы 17 және 30 сәуірде медициналық-әлеуметтік сараптаманың әдіснама және бақылау бөлімінің басшысы Аймурзинова Күлзайра Жұмабайқызы мен №1 бөлімнің басшысының міндетін атқарушы Мусатаева Әсемгүл Қаршығайқызы онлайн форматта дәрігерлік – консультативтік комиссиялардың төрағаларымен, бас дәрігерлермен және облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілімен жиналыстар өткізді. Жиналыстарда жекелеген нозологиялық нысандар бойынша ерекше тетікті енгізу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру, сырттай – проактивті куәландыруға жататын нозологиялық нысандар тізбесі, сондай – ақ медициналық-әлеуметтік сараптамаға негізсіз жолдаулар мәселелері қаралды.
Медициналық ұйымдардың өкілдеріне қолданыстағы заңнама нормаларын қатаң сақтау, медициналық-әлеуметтік сараптамаға негізсіз және сапасыз жолдауларға жол бермеу ұсынылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-akmola/press/news/details/1213500?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау