МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ
«Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын көрсету»
«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы заңына сәйкес біздің ауданның аумағында 2009 жылдан бастап ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну бойынша респебликалық бағдарлама жүзеге асырылады.
Осы бағдарлама аясында ұсынылады:
– 100- есептік көрсеткіш көлемінде көтерме жәрдемақы, 2026 жылы абсолютті сомада 432,5 мың теңге.
– тұрғын үй сатып алуға немесе салуға 2000- есептік көрсеткіш көлемінде бюджеттік несие, 15 жыл мерзімге, несие бойынша сыйақы мөлшерлемесі несие сомасынан жылдық 1%. 2026 жылы бұл сома 8650 мың теңге болып белгіленді.
Көтерме жәрдемақы алу және тұрғын үй сатып алуға бюджеттік несие алу үшін маман келесі құжатарды ұсынады:
1) нысан бойынша өтiнiш;
2) жеке басты куәландыратын құжат көшірмесі;
3) жұмыс орны бойынша кадр қызметі куәландырған еңбек шартының немесе еңбек кітапшасының көшірмесі;
4) білімі туралы диплом көшірмесі;
5) неке қию туралы куәлік көшірмесі (не некеде тұрған мамандар үшін);
6) Кредиттік бюродан есеп.
Маманға қойылатын негізгі талаптар:
– маман жұмыс істейтін елді мекенде тұрақты тіркеудің (тіркелудің) болуы;
– маманның және оның отбасы мүшелерінің меншігінде жылжымайтын мүліктің болмауы;
– бұрын берілген кредиттер бойынша өтелмеген мерзімі өткен берешектің болмауы (құжаттарды қарау сәтінде), сондай-ақ соңғы 2 (екі) жыл ішінде 90 (тоқсан) күнтізбелік күннен артық мерзімі өткен берешектің болмауы.
Бұл мемлекеттік қызмет электрондық үкімет портал E-gov немесе жылжымайтын мүлік порталы Баспана Маркет otbasybank.kz/programm-bank арқылы көрсетіледі, тегін.
Қызмет көрсетудің нәтижесі жәрдемақы мен кредит беру, есепке және кезектілікке қою (әлеуметтік қолдау шараларын көрсету үшін бюджет қаражаты жетіспеген жағдайда) немесе дәлелді бас тарту болып табылады.
Әлеуметтік қолдау шараларын алғаннан кейін маман елді мекеннің осы ұйымында 3 жыл бойы жұмыс істеуге міндеттеме алады.
Толығырақ ақпаратты мына мекен жай бойынша алуға болады: Щучинск қ., Абылайхан көшесі , 34, экономика және қаржы бөлімі, кабинет 310, тел.4-37-69, 4-42-05.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-burabay-uspenoyuryevka/press/news/details/1213809?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау