Нұркен ауылында 1 мамыр мерекесіне орай грек-рим күресінен қазақ жастары арасындағы 1967 жылғы КСРО чемпионы Иранбек Сүйіндікұлын еске алуға арналған дәстүрлі қазақ күресінен аудандық ашық турнир өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Нұркен ауылында грек-рим күресінен қазақ жастары арасындағы 1967 жылғы КСРО чемпионы Иранбек Сүйіндікұлын еске алуға арналған дәстүрлі қазақ күресінен аудандық ашық турнир өтті.

Турнирге 13 команда қатысты. Атап айтқанда, Ұлытау облысы, Жаңаарқа ауданы, Бұқар-Жырау ауданы, Қарқаралы қаласы, Қарағайлы кенті, Қоянды, Балқантау, Көктас, Қасым, Жаңатоған, Тоқтар және Нұркен ауылдарының палуандары бақ сынасты.

Жарыс қорытындысы бойынша:
— Сатыбалды Алмас 26 кг салмақ дәрежесінде III орын иеленді;
— Тәңірберген Айхан 42 кг салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанды.

Түйе палуан белдесуінде Әшім Амандық чемпиондық белдікті жеңіп алып, 50 000 теңге ақшалай сыйлыққа ие болды.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-karkaraly-abdirov/press/news/details/1213377?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version