Департамент басшысы Б.Масалимова маусымдық сауықтыру лагерлерін лицензиялауды регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерді түсіндіру бойынша кеңесте сөз сөйледі
Онлайн форматта ұйымдастырылған Кеңес жұмысына Абай облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті, мемлекеттік өрт сөндіру басқармасы, білім басқармасы, қала/аудан білім бөлімдерінің басшылары, маусымдық сауықтыру лагерлерінің директорлары мен құрылтайшылары да қатысты.
Б.Масалимова маусымдық сауықтыру лагерлерін лицензиялауды регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерге енгізілетін өзгертулер мен толықтыруларды негізге ала отырып білім беру-сауықтыру қызметіне қойылатын талаптарға назар аударды.
Кеңес барысында білім бөлімдерінің басшылары, маусымдық сауықтыру лагерлерінің директорлары сөз сөйлеушілерге сұрақтар қойып, тиісті жауаптар алды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-abay/press/news/details/1213897?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау