Оқушылар арасында төтенше жағдайлардың алдын алу жолдарын түсіндіру, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін Қапал учаскесінің «Қазселденқорғау» бөлімшесінің мамандары Ғали Орманов атындағы орта мектеп оқушыларымен профилактикалық кездесу өткізді.

Кездесу барысында оқушыларға қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Мамандар көктемгі-жазғы кезеңде туындайтын қауіп-қатерлер туралы кеңінен айтып, күнделікті өмірде сақтық шараларын ұстанудың маңыздылығын түсіндірді.

Негізгі бағыт – кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігі.
Әсіресе балалар мен жасөспірімдердің заңды өкілдерінсіз қауіпті аймақтарда жүруіне жол бермеу мәселесіне ерекше назар аударылды:

  • өзен-көлдердің маңында

  • таулы аймақтарда

  • жыралар мен сел қаупі бар аумақтарда

Күннің жылынуына байланысты Қапалка өзеніндегі су деңгейі көтерілді. Қазіргі уақытта су лайлы әрі өте суық, ағысы қатты. Бұл жағдайлар адам өмірі мен денсаулығына үлкен қауіп төндіреді. Сырт көзге тыныш көрінгенімен, өзен аса қауіпті болуы мүмкін.

❗ Мамандар келесі ережелерді қатаң сақтауды ескертті:

  • арнайы жабдықталмаған жерлерде шомылуға болмайды

  • үлкендердің қарауынсыз су айдындарына жақындауға тыйым салынады

  • таулы жерлерге дайындықсыз және ересектерсіз бару қауіпті

Мұндай кездесулер жазатайым оқиғалардың алдын алуда және жас ұрпақтың өз қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауын қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.

Құрметті ата-аналар! Балаларыңыздың бос уақытын бақылауды күшейтіп, қауіпсіздік ережелерін түсіндіріп, оларды қауіпті орындарға жалғыз жібермеулеріңізді сұраймыз.

Өзіңізді және жақындарыңызды сақтаңыз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-aksu-qapal/press/news/details/1213490?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version