ҚАРАҒАНДЫДА ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Қарағанды облыстық Кәсіподақтар орталығында Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай «Қауіпсіздікті трансформациялау: өтемақы моделінен тәуекелдерді басқару және цифрлық стандарттарға көшу» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел өтті. Іс-шараны Халықаралық еңбек ұйымы мен Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы ұйымдастырды.

Іс-шараға Халықаралық еңбек ұйымының, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті департаментінің, «PARYZ» жұмыс берушілердің ұлттық конфедерациясының, жергілікті атқарушы органдардың, кәсіподақ ұйымдарының өкілдері, сондай-ақ кәсіпорындар мен сарапшылар қатысты.

Дөңгелек үстел барысында келесі мәселелер талқыланды:
– Қазақстандағы еңбекті қорғау жүйесін дамыту;
– өтемақы моделінен тәуекелге бағдарланған тәсілге көшу;
– өндірісте цифрлық технологиялар мен мониторинг құралдарын енгізу;
– көмір саласындағы өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
– өндірістік жарақаттану мен кәсіптік аурулардың алдын алу;
– психоәлеуметтік тәуекелдер және олардың еңбек қауіпсіздігіне әсері;
– мемлекет, жұмыс берушілер және кәсіподақтар арасындағы әлеуметтік әріптестікті дамыту және өзара іс-қимылды күшейту.

Іс-шара ашық кәсіби диалог алаңына айналып, еңбек қауіпсіздігін арттыруға бағытталған практикалық тәсілдерді әзірлеуге мүмкіндік берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-enbek/press/news/details/1213800?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version