Қарағандылық оқушыларды Жеңіс күніне арналған халықаралық онлайн-ойынға шақырады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасы Жеңіс күніне орай жасөспірімдерге арналған «Ұлы Отан соғысының батыр әйелдері» атты халықаралық интерактивті онлайн-ойын өткізеді. Жоба А. Гайдар атындағы Калининград облыстық балалар кітапханасымен бірлесіп ұйымдастырылып отыр.

Ойын Ұлы Жеңістің 81 жылдығына арналады. Байқау барысында командалар Ұлы Отан соғысының батыр әйелдері туралы әңгімелейді. Қатысушылар өздерінің тарихи білімін, эрудициясын және дайындық деңгейін сынап қана қоймай, әйелдердің Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске қосқан үлесі туралы танымын кеңейтеді. Ойын барысында оқушылар майдан мен тылдағы әйелдердің ерлігі, батылдығы, төзімділігі мен жанқиярлығы туралы тың мәліметтермен танысады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай бастамалар тарихи мұраға деген қызығушылықты арттырып, патриоттық құндылықтарды нығайтуға және халықаралық ынтымақтастықты дамытуға ықпал етеді.

Онлайн-ойын 5 мамыр күні сағат 13:00-де телемост форматында өтеді. Қарағанды командасына қолдау көрсетіп, жанкүйерлік етуге ниет білдірушілерді көрермендер ретінде шақырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/1213909?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version