Филиппиннің Субик-Бей қаласында триатлоннан Азия Кубогы аяқталды. Жарысқа 18 елден 130 спортшы қатысып, өзара мықтыны анықтады.
Ересектер арасында Дарын Қоныспаев күміс жүлдегер атанды. Ал юниорлар арасында отандастарымыз екі алтын және бір күміс медаль жеңіп алды. Олар Рамазан Әйнеков пен Алуа Нұрмұхамет чемпион атанса, Шнейдер Калерия күміс жүлдеге қол жеткізді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sport/press/news/details/1213610?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау