Құрметті Ақмола облысының тұрғындары!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақмола облысының аудандары әкімдіктерінде «құқық кабинеттері» және «өзін-өзі қызмет көрсету бұрыштары» құрылған. Олардың негізгі мақсаты – азаматтардың құқықтық мәдениеті мен сауаттылығын арттыру, сондай-ақ қолданыстағы және талқыланып жатқан нормативтік құқықтық актілерге қолжетімділікті қамтамасыз ету.
«Құқық кабинеттері» қажетті компьютерлік және ұйымдастыру техникасымен жабдықталған және келесі ақпараттық жүйелер мен ресурстарға қолжетімділікпен қамтамасыз етілген: «Әділет» ААЖ, НҚА эталондық бақылау банкі, «Заң» деректер базасы, «Ашық НҚА» порталы, «eGov», «e-Өтініш», «ZanKomegi» жүйесі, сондай-ақ «Тараптар кабинеті».
Құқықтық мәселелер туындаған жағдайда сіздер Ақмола облысының барлық аудандарында орналасқан «құқық кабинеттерінің» қызметін пайдалана аласыздар.
📍 Карусельде Ақмола облысының әрбір ауданы бойынша құқық кабинеттерінің мекенжайлары көрсетілген.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-sand/press/news/details/1213193?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version