Құрметті тұрғындар!

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Ауа райының жылынуына байланысты жол қозғалысына қатысатын мопед жүргізушілерінің саны артып, жолдағы қауіпті арттырады. Осы ретте, мопедті басқарудың өзіне тән талаптары мен қауіпсіздік ережелері бар екенін еске саламыз.
2025 жылғы 5 сәуірден бастап мопедтер ресми түрде көлік құралы ретінде танылды. Осыған байланысты мопед жүргізушілеріне қойылатын талаптар:
* Мопедті 16 жастан бастап А1 санатындағы жүргізуші куәлігімен басқаруға болады. Егер жүргізушіде А немесе В санаты болса, А1 санатын алу талап етілмейді. Дегенмен, жүргізуші куәлігі міндетті түрде болуы тиіс;
* Көлік құралы міндетті түрде мемлекеттік тіркеуден өтіп, тіркеу нөмірімен жабдықталуы қажет. Тіркеу нөмірі жоқ мотокөлікті басқаруға тыйым салынады;
* Жүргізуші мен жолаушы қорғаныш шлемін міндетті түрде киюі тиіс;
* Мотокөліктің жарық шамдарын жағу — міндетті талап.
Құрметті ата-аналар!
Балаларыңыздың жол жүрісі қағидаларын сақтауына ерекше назар аударуларыңызды сұраймыз. Кәмелетке толмаған балаларға көлік құралдарын басқаруға рұқсат беру — олардың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіреді.
Жолда қорғаныш құралдарын қолданбау, жылдамдықты шамадан тыс арттыру және жолда абайсыздық таныту ауыр зардаптарға әкеледі. Әрбір жүргізуші өз қауіпсіздігімен қатар, өзге жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігі үшін де жауапты екенін есте сақтауы тиіс.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-atyrau/press/news/details/1213219?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version